Қылмыс

Ағасын ұрып өлтіріп, мәйітін құдыққа лақтырып кеткен

  • Ағасын ұрып өлтіріп, мәйітін құдыққа лақтырып кеткен

    Ағасын ұрып өлтіріп, мәйітін құдыққа лақтырып кеткен

Полицияның мәліметінше, екі ер адамның арасында жанжал шығып, інісі туыс ағасын өлгенше ұрып-соққан

Түркістан облысында жігіт ағасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады Polisia.kz.

Келес ауданында учаскелік полиция инспекторына ауыл тұрғыны хабарласып, белгісіз жағдайда жалғызбасты көршісі жоғалып кеткенін жеткізді. Бірден шақыртуға учаскелік полиция инспекторы Берік Айдосов шықты.

Тәртіп сақшысы оқиға орнын мұқият тексеру барысында, үйдің ауласында орналасқан құдыққа апаратын жолдан қан іздерін байқады. Тереңдігі екі метрлік құдықта ер адам қимылсыз жатқаны анықталды, оны ауыл тұрғыны танып, көршісі екенін айтқан.

Полицей болған жайтты кезекші бөлімнің 102 пультіне хабарлады. Бірнеше минут ішінде аудандық бөлімнен жедел-тергеу тобы келді. Криминалистер тексеру кезінде мәйіттің көгерген жерлері мен қанды ісіктер бар екенін анықтады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Жедел іс-шаралар барысында жәбірленушінің туыс інісі күдікке ілінді. Оны полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көшелердің бірінен ұстады.

Полицияның мәліметінше, жігіт туысының үйіне келген. Екі ер адамның арасында жанжал шығып, інісі туыс ағасын өлгенше ұрып-соққан. Содан кейін жігіт қылмысты жасыру үшін мәйітті үйдің ауласында орналасқан суы тартылған құдыққа лақтырып, қашып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.




Көрілген: 728    Пікірлер: 0

жұма, 05.11.2021, 23:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31