Қылмыс

Ағайынды екеу қарындасымен жақындасқан жігітті соққыға жыққан

  • https://vjoy.cc/

    https://vjoy.cc/

Түркістан облысы Достық ауылында 1999 және 2001 жылы туған екі ағайындыға сот үкімі оқылды. Олар қарындастарымен байланысқа түскен жас жігіттің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін сотты болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шардара аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

 

Соттың дерегінше, өткен жылдың 17 желтоқсаны күні екі айыпталушыны түнде анасы оятқан. Ол екі баласын үйден шығып кеткен қарындастарын іздеуге жіберген.

 

Осы ретте қыздың өз бөлмесіне ұйықтауға жатқаны атап өтілді.

 

Алайда ол бәрі ұйықтап қалғанда үйден қашып кеткен көрінеді. Ағайындылар көлікке отырып, қызды ауыл көшелері мен маңайдан іздей бастаған. Бірнеше уақыттан кейін олар жазық далада тұрған Audi көлігін байқапты. Жақындап келген олар көліктің ішінде қарындасының жас жігітпен отырғанын көрген. Екеуі де жартылай шешінген екен.

 

Қос ағайынды қарындастарына үйге жаяу қайтуды бұйырып, өздері оның сүйіктісін соққыға жыға бастаған. Зардап шегушіге ауыр дене жарақаттары салынған.

 

Сотта айыпталушылар айыбын толықтай мойындап, жәбірленушіден кешірім сұраған.

 

Өз кезегінде сот олардың жас екенін, бұрын сотты болмағанын, өз ісіне өкінгенін және басқа да жағдайларды ескеріп, екі жігітті 6 жылға шартты түрде соттаған.

 

 




Көрілген: 1663    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.04.2021, 01:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31