Қылмыс

Ажыраспақ болған әйелін қорқытам деп басы бәлеге қалды

  • Ажыраспақ болған әйелін қорқытам деп басы бәлеге қалды

    Ажыраспақ болған әйелін қорқытам деп басы бәлеге қалды

Біреуге ор қазба, өзің түсерсің! Оралдық азамат осының кебін киді. Ажыраспақ болған әйелін бопсалаймын деп басы бәлеге қалды, - деп хабарлады Аstanatv.kz.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, ол әйелімен ажырасқысы келмеген. Бұл қарсылығынан түк шықпаған соң, келіншегінің жалаңаш түскен видеоларын тума-туыстары мен барлық таныстарына таратамын деп қорқытқан. Бұған көнбеген соң, әйелінің бейәдеп видеоларын жақындарына уатсапп желісі арқылы жіберіп үлгірген. Осылайша ол сүйген жарын ұялтып, отбасына кері қайтаруға тырысыпты. Келіншек болса, бірден полицияға шағымданған. Сезімді сергелдеңге салған сері жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды енді сот шешпек.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ: Қазір осы оқиға бойынша ҚР ҚК 311-бабы, 1-бөлігі, яғни порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша күдіктіге 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.




Көрілген: 206    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 09:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30