Қылмыс

Әккі алаяқ түрмеде отырып-ақ 500 адамды арбауына түсірген

  • © gr.depositphotos.com

    © gr.depositphotos.com

Нұр-Сұлтан қаласындағы түзету мекемесінің бұрынғы бастығы лауазымдық өкiлеттiктерін асыра пайдаланғаны үшін күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.


Ресми ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті түзету мекемесінің бұрынғы бастығының заңсыз әрекетін анықтады. Ол өзінің лауазымдық өкiлеттiктерін асыра пайдаланып, сотталғандардың біріне жазаны өтеу үшін қолайлы жағдай жасаған.


"Бақылаудың болмауына байланысты сотталған ер адам алаяқтық жасап, ипотеканың бастапқы жарнасы ретінде ақшасын сеніп тапсырған 500-ден астам азаматтың 128 миллион теңгесін иемденген. Тергеу әлі жүріп жатыр", - делінген ресми хабарламада.


Айта кетсек, биыл 31 мамырда Тараз қалалық соты Жамбыл облысының пенитенциарлық жүйесінің басшыларын пара алғаны үшін бас бостандығынан айырған болатын. Осы салада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау фактілері республиканың басқа облыстарында да анықталып жатыр.


 




Көрілген: 802    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.06.2019, 19:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31