Қылмыс

Әккі ұры Нұр-Сұлтанда пәтерден 55 млн теңгені ұрлап кеткен (фото)

  • Күдікті. Фото: Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті

    Күдікті. Фото: Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті

Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлердің бірінен 55 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды деп хабарлайды жергілікті полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


стана тұрғыны жергілікті полиция департаментіне пәтер ұрлығы жөнінде арыз берді.


Ер адам белгісіз біреулердің пәтерге кіріп, сейфте сақталған 55 млн теңге ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткенін мәлімдеген.


Оның айтуынша, ұрланған соманың басым бөлігі пәтер сатылымынан түскен, ал қалғаны – жиналған ақша.


"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде "Сарыарқа" ауданы полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің ізіне түсті. Оның пәтер ұрлығы үшін бірнеше рет сотталған Семей тұрғыны екені анықталды. Астанаға уақытша келген ол пәтер ұрлығымен айналысқан", – делінген департаменттің хабарламасында.


Семей қаласында қолға түскен күдікті жақын арада астанаға жеткізіледі.


Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


"Аталған тұлғаның заңға қайшы әрекеттерінен жапа шеккен азаматтарды "Сарыарқа" ауданы полиция басқармасына хабар беруін сұраймыз. Мекенжай: Нұр-Сұлтан қаласы Ақбұғы көшесі, 2 және 8 (7172) 71-66-76 немесе 102 нөмірі", – деп хабар таратты полиция департаменті.


 




Көрілген: 1363    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2019, 17:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30