Қылмыс

Аққуды өлтіргендер қандай жауапкершілікке тартылады?

  • Аққуды өлтіргендер қандай жауапкершілікке тартылады?

    Аққуды өлтіргендер қандай жауапкершілікке тартылады?

Маңғыстау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы өлтірілген аққуға қатысты түсініктеме берді.

Инспекция баспасөз қызметі хабарлағандай, ведомство қызметкерлері аталмыш мекенжайға барған, алайда өлі құстың денесін таппаған.

Инспекция қызметкерлері жағалауды мұқият тексеріп шықты. Дегенмен өлі аққу табылмады. Құсты қаңғыбас иттер алып кетуі мүмкін. Себебі жағалаудағы құмда ит іздері анық көрініп тұр, - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы.
Инспекция өкілдерінің айтуынша, аққуды заңсыз өлтіргендерге қатысты 208 350 теңге көлеміндегі айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар ҚР ҚК 316-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік те көзделген.

Аталмыш дерек бойынша инспекция полиция департаментіне хабарласқан.

Егер қала тұрғындары өлі аққуға қатысты қандай да бір ақпараттан хабардар болса, +7 (7292) 331 037 және +7 771 605 26 70 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бүгін Ақтаудың 1а шағын ауданында өлі аққу табылғаны хабарланған еді.


BAQ.KZ




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 10:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31