Қылмыс

Әкім параны малмен алған

  • © AZ Animals

    © AZ Animals

Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі мен оның екі орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды   ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Зеренді ауданының әкімі М. Мұстафинға, сондай-ақ оның орынбасарлары Қ. Жақыпов пен Э. Мұқашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Аталған адамдар жеке компаниялардың директорларынан жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту және оларға тиесілі емес телімде дәнді дақылдардың егілуіне көз жұма қарағаны үшін 3 млн теңге сомасында - жалпы құны 1,5 млн теңгені құрайтын 2 жылқы және 3 мүйізді ірі қара мал түрінде пара алған», - делінген хабарламада.


19 маусымда Зеренді аудандық сотының үкімімен М.Мұстафин 3 жыл, Мұқашев 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алды. Ал Жақыпов 4 млн теңге көлеміндегі айыппұл төлейтін болды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.


 




Көрілген: 684    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 18:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31