Ақмола облысы есірткіні дүкенде сатқан

07 қазан 2021, 08:45

Есірткіні дүкенде сатқан. Ақмола облысында азық-түлікпен қоса, гашишті де еркін саудалап келген сатушы ұсталды.

 

Дүкен сатушысын полицейлер дәл қылмыс үстінде ұстады.

 

39 жастағы азамат 5 грамм гашишті кезекті клиентіне саудалап тұрған. Ол ұзақ уақыт өзі де есірткі пайдаланып жүрген.

 

Тәртіп сақшылары ізін аңдығанда оның арақ сататын жеріне есірткі алуға бас сұғатындар баратынын байқапты. Бірақ наша алушылар құпи» сөз айтуы тиіс екен. Сонда ғана тауарын ала алады.

 

Қазір дүкенші заңсыз есірткі саудалағаны үшін қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

 

 

 

ktk.kz