Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақмола облысында 8 млн теңгеге жуық ақша бар сейфті ұрламақ болғандар ұсталды

29 қазан 2020, 11:12

26 қазанда Егіндікөл аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне Егіндікөл ауылындағы жергілікті ЖШС-ның бірінен ақша ұрланғалы жатқаны жайлы жедел ақпарат жеткен.

«27 қазанына қараған түні ақпаратты тексеру үшін аталған мекенжайға полиция жасағы жіберілген. Оқиға орнына келген полицейлер ЖШС аумағынан 7 740 260 теңге сомасындағы ақша бар сейфті шығаруға тырысқан екі ер адамды анықтады», - деп хабарлайды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
21 және 26 жастағы күдіктілер аталған кәсіпорында бірнеше айдан бері жұмыс істеп келген. Олардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған азаматтар осыған ұқсас қылмысы үшін бұған дейін де жауапкершілікке тартылған екен.

Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі-188-бабының 4-бөлігі (Ұрлыққа оқталу) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Тергеу жалғасуда. Полиция қызметкерлері жұмыс берушілерді кадр таңдауда жауапкершілікпен қарауға шақырды.