Қылмыс

Ақмола облысында алимент төлемеген 51 жастағы әке істі болды

  • https://www.inform.kz

    https://www.inform.kz

 Ақмола облысында алимент төлеуден қашып жүрген көкек әкелер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылы Ақмола облысы бойынша алимент төлеуден қашып жүрген 58 ер адамға іздеу жарияланып, оның 55-нің мекежайы анықталған.

 

 «Балаларды асырап-бағуға арналған қаражатты төлеу міндетін орындамағаны үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа, ҚР ӘҚбК кодексінің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік тарту, сондай-ақ, бас бостандығын шектеу немесе 2 жылға дейін айыру мерзімі қарастырылған» деді ведомстводан.

 

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, биылғы жылдың 13 қаңтарында Көкшетау қаласының полиция басқармасына 51 жастағы азаматтың алимент қарызын өндіріп алу туралы жеке сот орындаушысынан ұсыныс түскен. Онда Көкшетау қаласы тұрғынының 1 миллион теңгеден астам алимент қарызы бары айтылған.

 

«Қазіргі уақытта осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп толықтырды ведомстводан.

 

 




Көрілген: 269    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 03:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31