Қылмыс

Ақмола облысында алқабилер соты 12 жасар қызды зорлады деп айыпталған азаматты ақтап шықты

  • Ақмола облысында алқабилер соты 12 жасар қызды зорлады деп айыпталған азаматты ақтап шықты

    Ақмола облысында алқабилер соты 12 жасар қызды зорлады деп айыпталған азаматты ақтап шықты

Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлады деп айыпталған азаматты сот ақтап шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Бұл туралы "НеМолчи" қорының парақшасында жазылды. Жазбаға сенсек, 2019-2020 жылдары 25-26 жастағы азаматтар 12 жасар қызды зорлап келген. 

"25 мамырда Көкшетауда айыпталушылардың бірі 20 жылға, екіншісі 21 жылға сотталды. Олардың әрқайсысы жәбірленушіге екі миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс. Ал үшінші айыпталушы алқабилер сотына жүгінемін деген талап қойды. А олар 8 маусымда күдіктіні ақтап шықты. Қыздың анасының айтуынша, алқабилер бастарын төмен салбыратып, ұялып отырған. Ал прокурор айыпталушыны 20 жылға түрмеге жабуды сұраған", - делінген жазбада. 

 
Бұл шешімді Ақмола облыстық қылмыстық істер бойынша аудандық соты түсіндірді.

"Тергеуге сәйкес сотта кәмелетке толмаған баланы зорлады деп айыпталған Ақмола облысы, Целиноград ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қазылар алқасының қатысуымен қаралды. Заңға сәйкес, егер істі алқабилер сотында қаралса, айыпталушылардың кінәсіне немесе кінәсіздігіне қатысты мәселелер, сондай-ақ басқа мәселелер жасырын дауыс беру арқылы шешіледі", - делінген сот хабарламасында.

Жалпы дауыс беруге 10 алқаби мен судья қатысады. Бұл жерде соттың дауысы ескерілмейді. Егер алты адам айыпталушыға шығарылған үкіммен келіспесе, күдікті ақталады. 



"Дауыс беру нәтижесінде көпшілік зорлау тұрғысынан да, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау тұрғысынан да күдіктіні ақтауға келісіп, дауыс берді. Қазылар алқасының үкімі негізіндеайыпталушы Қылмыстық кодекстің 4-бөлігінің 120-бабы "Кәмелетке толмағанды ​​зорлау" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға байланысты оқиғаға қатысы болмағаны үшін ақталды", - деп қосты сот өкілдері.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, айыптаушы тарап апелляцияға жүгіне алады. 

Еске салсақ, бұған дейін 2020 жылы үш ер азамат 12 жастағы қызды зорлад




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 16:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30