Қылмыс

Ақмола облысында екі полиция полковнигі ұсталды

  • http://infozakon.kz

    http://infozakon.kz

Көкшетауда сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен екі полиция полковнигі ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.


Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары мен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы сеніп тапсырылған мүлікті иемденді немесе талан-таражға салды деген күдікке ілінді.


"ҰҚК департаментінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы мен полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі бойынша (сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Бұл бап бойынша кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, кейбір жағдайларда ірі көлемде айыппұл салынады.


Полиция департаменті бастығының орынбасары ішкі істер органдарынан шығарылғаны белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары ішкі істер органдарында 19 жыл жұмыс істеді. Еңбек өтілін учаскелік инспектор қызметінен бастады. Әрі қарай ұйымдасқан қылмыспен күрес және криминалдық полиция басқармаларында қызмет етті. Ол 2018 жылдың сәуір айында Ақмола облысы бойынша ДП басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.


 




Көрілген: 320    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2019, 11:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31