Қылмыс

Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған

  • Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған

    Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған

 Көкшетауда ажырасып кеткен әйелін өлтірмек болған 41 жастағы тұрғын қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабымен сотталды. Балаларының анасы екеніне қарамастан арам ойын іске асыру үшін киллер жалдаған. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Атбасар қаласындағы Астраханка ауылында балалар спорт мектебінде есепші болып жұмыс істеген Күнсұлу Тілегенованың ажырасқанына екі жыл болған. Алайда, жұбайы Атбасарға келіп, оны 1 айдай аңдып жүрген. Ал одан кейін киллер жалдаған.


"Сізді күйеуіңіз өлтіруге тапсырыс берді дегенде шалқамнан түсе жаздадым. Мен оның балаларының анасымын ғой. Екі кішкентай бала жетім қалады ғой. Жоқ, оны кешіре алмаймын", - дейді күйеуінен шошынған Күнсұлу Тілегенова.


Жалдамалы киллер арам пиғылды адамның бұл жымысқы әрекетін полиция қызметкерлеріне жеткізген. Бұл уақытта жігіт әйелге көрін қазып, дайындап қойған екен. Әйелін басынан ұрып «өлтірген» фото дәлел мен оның ұялы телефонын әкеліп, киллер «ақысын» алған сәтте күйеуі тұтқындалды. Бұның бәрі арнайы жасалған қойылым екенін сезбеген ол, қазір сот алдында жауап беріп жатыр.


Stan.kz




Көрілген: 826    Пікірлер: 0

сенбі, 27.04.2019, 10:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31