Ақмола облысында заңсыз алытн өндірушілер анықталды

31 желтоқсан 2021, 17:35

Бестөбеде құрамында алтыны бар материалдарды өңдеу цехы жойылды,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

ҚК 262-бабы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде Ақмола облысы Полиция департаментінің қызметкерлері бірқатар қосымша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді, оның барысында Бестөбе кентінде құрамында алтыны бар материалдарды өңдеу цехы жойылды.

 

Естеріңізге сала кетейік, ақмолалық полицейлер құрамында алтын бар материалдарды заңсыз өндірумен, қайта өңдеумен және өткізумен айналысатын ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

 

22 желтоқсанда ІІМ және Полиция департаментінің қызметкерлері төрт елді мекенде – Ақмола облысының Степногорск қаласы, Ақсу, Бестөбе, Изобильный кенттері 12 тінту іс-шарасын өткізді.

 

Бестөбе кентінде өткізілген іс-шаралар барысында құрамында алтын бар материалдарды өңдеу бойынша шағын цех жойылды, 1,5 тонна құрамында алтын бар материал, үш уатқыш қондырғы, үш жуу үстелі, кварцты кенді елеуге арналған құрылғы, электрондық таразы, суық қарудың үш түрі, құрамында алтын бар екі тас, 80 гр алтын құм, бір қолдан жасалған бұйымы, 16 калибрлі сегіз аңшылық патрон, сейф, ноутбук, мобильді құрылғылар, флэш-карталар, сондай-ақ күдіктілердің біріне тиесілі өкілдік санаттағы автомобиль тәркіленді.

 

Аталған факті бойынша ҚК-нің 295-1-бабы (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.