Ақмола облысының аудандық бөлім басшысы 700 мың жымқырды деген күдікке ілінді

30 қазан 2020, 09:59

Ақмола облысы әкімдігінің аудандық бөлім басшылары 700 мың теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысында лауазымды тұлғалардың бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды.

 

"Қосалқы станция салу барысында 700 мың теңгенің жымқырылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу кезінде Ақмола облысы әкімдігінің аудандық бөлімінің басшысы бастаған бір топ адам ұсталды", - дейді ведомство өкілдері.

 

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.