Қылмыс

Ақмолада жас қыздарды жезөкшелікке салғандар ұсталды

  • © Sputnik Казахстан

    © Sputnik Казахстан

Ақмола облысында жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды. Ведомствоның мәліметі бойынша, қылмыс «Тоқта трафик» жедел алдын алу шарасы барысында анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Шара қолға алынғаннан бергі 3 күн ішінде ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бөлімшелер, әкімшілік полиция және көші-қон қызметі бірлесіп, өнеркәсіптік орындарда, ауыл шаруашылығы аумақтарында, көңіл көтеру, монша-қонақүй кешендерінде рейд жүргізді. Соның нәтижесінде адам саудасына қатысты 4 қылмыстың беті ашылды. Оның 2-уі жезөкшелікке тарту және 2-уі жеңгетайлыққа қатысты», дейді ПД баспасөз қызметі.


Ведомствоның атап өткендей, Көкшетау қаласында тұратын әйелдің үстінен ҚР ҚК 308 бабы (жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу) бойынша іс қозғалды. Ійел қорқыту, бопсалау, күш қолдану арқылы 23 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Дәл осындай оқиға Щучье қаласында анықталды.


Сонымен қатар, арнайы шара кезінде Щучье және Степногор қалаларында жеңгетайлық оқиғасы әшкерленді. Онда заң бұзушылар белгіленген ақы үшін қыздарды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Күдіктелер қызмет ақысын 2 000 теңгеге бағалаған.


Қазіргі кезде барлық оқиға қатысты ҚР ҚК 309-бабы бойынша із қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш санкция бойынша күдіктілер мүлкін тәркілеумен қоса, 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.


 


 




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.03.2019, 10:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30