Қылмыс

Ақмолада спорт қызметкерлері бюджет қаражатын ұрлаған

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынуларды қарастыру бойынша онлайн режимінде кеңес өткізді.

 

Бейнеконференция барысында Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшылығына, сондай-ақ осы саланың өкілдеріне бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс шеңберінде ақпарат жеткізілді.

 

Заңдылықтың бұзылуына басшылық тарапынан бюджет қаражатын жұмсауға тиісті бақылаудың болмауы, Орталық қызметкерлерінің еңбек заңнамасының талаптарын өрескел бұзуы, сондай-ақ олардың лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауы себеп болды.

 

Осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасудың тиісті тәртібі мәселелерін қарастыру, мемлекеттік органның ведомстволық бағынышты ұйымдарында жұмыс істейтін жаттықтырушыларды есепке алу бойынша бірыңғай базаны әзірлеу және осы базаны Комитеттің ресми сайтында орналастыру, сонымен қатар, нормативтік-құқықтық базаны түсіндіру бойынша ұжыммен сабақтар өткізу ұсынылды.

 

Дене шынықтыру мен спорттың қоғам үшін маңызы өте жоғары. Осы саланы дамыту үшін мемлекет көп ақша қаражатын бөледі. Елдің спорттық жетістіктері мемлекеттің имиджін дамытудағы басты элементтердің бірі болып табылады, сондықтан мұнда қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністері болмауы тиіс. Әрқайсысын адал және таза спортқа шақырамын, - деп атап өтті аймақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасары Қанат Жанысбаев.

 

BAQ.KZ

 




Көрілген: 213    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.06.2020, 21:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31