Қылмыс

Ақша ұсақтап беріңізші - теміртаулық сатушыларды ескі тәсілмен алдаған

  • Ақша ұсақтап беріңізші - теміртаулық сатушыларды ескі тәсілмен алдаған

    Ақша ұсақтап беріңізші - теміртаулық сатушыларды ескі тәсілмен алдаған

Ақша ұсақтату сылтауымен бірнеше сатушыны сазға отырғызған теміртаулық жігіт Қарағандыда ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорданың Біржан Сал көшесіндегі дәмханада жас жігіт кесек купюраны ұсақтату сылтауымен кассадан 10 мың теңгені жымқырған. Оның бұл тәсілі интернетте кеңінен танымал тәсіл болып саналады. Кейін күдіктінің дәл осындай жолмен астанадағы үш дүкеннің сатушыларын да алдағаны белгілі болды.

«Алаяқ дүкеннен азық-түлік сатып алып, есеп айырысар кезде 10 мыңдық кесек ақша көрсетіп, бірақ қолынан шығармастан, сатушының әрекетін күтіп тұрады. Сатушы оған қайтаруы тиіс артық ақшаны санап жатқанда түрлі әңгімеге айналдырып, 10 мыңдық купюраны қайта әмиянға сүңгітіп отырған. Ал сатушылар автоматты түрде азық-түлік құнынан «артылған ақшаны» жігітке ұстатып жіберген. Жедел-іздестіру кезінде күдікті Қарағанды қаласында ұсталды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктінің үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 29 жастағы күдікті бұрын есірткімен байланысты қылмысқа барғаны үшін сотталған.

«Полиция кәсіпкерлерге ақша айырбастау түріндегі алаяқтықтан сақ болу керектігін ескертеді. Көбінесе алаяқтар сатушыларды ақшаны ұсақтау сылтауымен алдайды», - делінген департаменттің мәліметінде.




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.07.2021, 10:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30