Қылмыс

Ақшаны қолма-қол шешіп отырған: Нұр-Сұлтанда банк қызметкерінің әрекеті әшкере болды

  • Ақшаны қолма-қол шешіп отырған: Нұр-Сұлтанда банк қызметкерінің әрекеті әшкере болды

    Ақшаны қолма-қол шешіп отырған: Нұр-Сұлтанда банк қызметкерінің әрекеті әшкере болды

Менеджер әйел түрлі банктік операциялар арқылы банктің жеті клиентіне тиесілі 297 мың теңгені жымқырған

Елордалық банктердің бірінде қызмет істейтін менеджер клиенттердің есепшотынан ақша ұрлағаны әшкере болды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан полициясының баспасөз қызметі.

Қызметкер әйел түрлі банктік операциялар арқылы бірнеше ай бойы клиенттерге тиесілі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, жымқырып отырған.

Бірнеше жыл жұмыс істеген менеджердің әрекетінен жеті клиент зардап шеккен. Яғни, олардың 297 мың теңгені құрайтын қаражаты ұрланғаны анықталды.

Қазіргі уақытта банк қызметкері жұмыстан шығарылды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("ұрлық") бойынша іс қозғалды. Ал заңда мұндай қылмыс үшін бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, яки үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу көзделген. Қылмыс сипатына қарай мүлкі тәркіленіп немесе үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 541    Пікірлер: 0

сенбі, 19.09.2020, 03:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31