Қылмыс

«Ақшаны түрік азаматына бердім»: Гауһар Әлімбекованың ісі бойынша сотталушы кінәні өз мойнына алды

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

2 сәуір күні Алматы қалалық сотында Гауһар Әлімбекованың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Сотта Әлімбековамен бірге кінәлі деп танылған Феруза Ордабаева өз кінәсін толық мойындады. Ол жәбірленуші Назаровадан 40 мың АҚШ долларын алғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.


«40 мың АҚШ долларын алып, түрік азаматына бердім. Мұны 2016 жылғы қараша айындағы жауабымда мойындадым. Ол сол бойына қалды. Нақты кімнің қолынан алғаным есімде жоқ. Есімде болса да, ол адамның сотталғанын еш қаламаймын. Білсем де, айтпаймын. Өзімнің еркім, менің заңды құқығым. Ол адам бұл залда жоқ. Бірақ ол адам - Гауһар Әлімбекова емес, нақтысы», - деген Феруза Ордабаева өз кінәсін толықтай мойындайтынын айтып өтті.


Сөзіне қарағанда, ол сол жылдары түркиялық фирмада істейтін әлдебір азаматтармен қоян-қолтық жұмыс істеп, тіпті солармен келісім-шартқа отырған. Мемлекеттік бағдарлама арқылы берілетін үйлерді сатып алушыларға беріп келген. Бұл ісінің заңсыз екенін о баста білмепті.


"Пәтер алу үшін бердік. «Ақкент» ықшам ауданынан үй беріледі деді. Екеуміздің арамызда келісім-шарт болған, сондай жұмыс жасағанбыз. Ол кезде заңнан аттап отырмын деген ой болған жоқ, бірақ заңсыз жасаппыз», - деп мәлімдеді Ордабаева.


Айтуына қарағанда, жәбірленуші Назарованың ұлы түріктерге 600 мың теңгені апарып, өз қолымен табыстаған.


«Гауһар ешқандай дәлелсіз, қолхатсыз алты жылға сотталып кетті ғой. Қазақшылыққа салынып, сотталып кеттік қой», - деп қалды бір сөзінде Ордабаева. 


sn.kz




Көрілген: 1129    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.04.2019, 10:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30