Қылмыс

Ақсу тұрғыны төрт оқушыға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

  • © CC0 / Tatlin

    © CC0 / Tatlin

Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны екі жыл бойы төрт балаға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

 

"Жыл басынан бері білім беру ұйымдары психологтермен бірлесіп, зорлық фактілерін анықтау мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізді, анонимділікті сақтау үшін "сенім жәшіктері" орнатылды. Мектептердің бірінде "сенім бөлмесі" ашылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл 2016 жылдан 2018 жылға дейін жасалған 34 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 23 факті бойынша Ақсу қаласының тұрғыны төрт оқушыға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді", - деді облыстың бас полиция қызметкері.

 

Ер адамның зардап шеккен мектеп оқушыларына кім болып келетіні туралы хабарланған жоқ.

 

Құқық қорғау ведомствосының мәліметінше, биыл Павлодар облысында жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың саны өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге артқан.

 

"Талдау нәтижелері бойынша, кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты 60 қылмыстың 13 немесе 22%-ін туыстары мен өгей әкелері жасаған", - деді Мәсімов.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 279    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.11.2020, 09:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31