Қылмыс

Ақсу тұрғыны ұлын полицияға ұстатып жіберді

  • Ақсу тұрғыны ұлын полицияға ұстатып жіберді

    Ақсу тұрғыны ұлын полицияға ұстатып жіберді

Қарт анасымен жанжалдасқан жігіт екі рет 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды

Ақсу қаласында 72 жастағы әжей үйде отырып жанжал шығарып, тіл тигізген ұлының үстінен полицияға шағым түсірген, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Зейнеткер психологиялық және моральдық қысым көрсеткен ұлын сабасына түсіру үшін шара қолдануды сұраған.

"Учаскелік полиция инспекторы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабы бойынша ашулы жігітке әкімшілік хаттама толтырды. Қорғау нұсқамасы жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оған тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушіні іздестіруге, қудалауға, оған баруға, ауызша немесе телефон арқылы сөйлесуге, онымен өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салады, - делінген хабарламада.

Сот қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Бірақ бірнеше күн өткеннен кейін ұлы қайтадан жанжал шығарып, сол арқылы қорғаныс бұйрығының талабын бұзған. Осыдан кейін ол қайтадан 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Сонымен қатар оған ерекше талаптар қойылған.

"Ерекше талаптарды қолдану мерзімі ішінде құқық бұзушы полиция органдарына айына бір реттен төрт ретке дейін келуге міндетті. Құқық бұзушы сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 7 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады, - делінген хабарламада.

sputnik.kz




Көрілген: 502    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 10:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31