Қылмыс

Ақтауда WhatsApp арқылы қызға тіл тигізген адам лайықты жазасын алды

  • Ақтауда WhatsApp арқылы қызға тіл тигізген адам лайықты жазасын алды

    Ақтауда WhatsApp арқылы қызға тіл тигізген адам лайықты жазасын алды

Сот ер адамды бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған бес айлық есептік көрсеткіш немесе 13 255 теңге айыппұл салды

Ақтауда мессенджер арқылы қызға тіл тигізген тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлады Лада.

Сот анықтағандай, ер адам WhatsApp мессенджері арқылы жәбірленушінің ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Ақтау әкімшілік соты оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бірінші бөлігі бойынша (Ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танып, оған бес айлық есептік көрсеткіш (13 255 теңге немесе 35 доллар) көлемінде айыппұл салуға үкім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың мамыр айында Алматы тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Бұрын адам тонағаны үшін сотталған жиырма тоғыз жастағы жігіт әнші Дильназ Ахмадиеваның Instagram парақшасында ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған пікір қалдырған.

Әнші полицияға арыз жазып, нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сарапшылар ер адамның әртіске тіл тигізгенін анықтады. Ол кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 143    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 00:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31