Ақтауда әріптесін аса қатігездікпен өлтірген теміржолшыға сот үкімі шықты

30 желтоқсан 2021, 17:15

60 жастағы ревизор мен оның танысы 40 жастағы станция басшысын мерт қылып, денесін көлігіне тастап кеткен, деп хабарлайды Хабар 24.

 

Қанды қылмыс осы жылы Бейнеу ауданында болған еді.

 

16 ақпан күні үшеуі кешке қарай үйде жиналады, артынша өзара келіспей қалған. Айтбай Сақтағанов пен Ұзақбаев жәбірленушіні аяусыз ұрып, есінен тандырады. Келген көлігіне отырғызып, далаға апарып тастайды.

 

Тәртіп сақшылары 2 күн бойы Ерлан Құрмановты іздеп, ауыл шетінен тапқан. Ізін суытпай қылмыскерлер ұсталды.

 

Қазір оқиғаға ревизордың ұлының қатысы бар екені де анықталды. Бірақ ол ақталып шықты. Ал қалған 2 адам тағылған барлық айыптары бойынша кінәлі деп танылды.

 

Ғафур Шаров, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы:

 

– Сақтағанов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5 тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 15 жыл бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесіндегі барынша ауыр мекемеде өтеу белгіленсін. Ұзақбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 293, 1 бөлімі 1 жыл мерзімге бостандығынан айыру жазасы, 432 бабымен 4 жыл мерзімге бостандық айыру жазасы тағайындалсын.