Қылмыс

Ақтауда әйелді өлтіріп, 3 млн теңгесін ұрлаған қылмыскер ұсталды

  • https://tengrinews.kz/

    https://tengrinews.kz/

Ақтауда әйел адамды өлтіріп, 3 миллион теңгесін ұрлаған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Бұған дейін Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылғанын жазған едік.

 

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қанды оқиғаны тергеп-тексеру барысында қаза тапқан әйелдің «Kaspi Gold» картасынан үш миллион теңге сомасындағы қаражаты жоғалғандығы анықталған.

 

Жедел-іздестіру шаралары барысында Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

 

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Тінту кезінде полицейлер одан 2 миллион 500 мың теңге ақша қаражатын тәркіледі.

 

Күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

 




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 19:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30