Қылмыс

Ақтауда «Төрт ағайынды» қылмыстық тобының мүшесі оққа ұшты

  • https://regnum.ru/

    https://regnum.ru/

Ақтауда атышулы қылмыстық топтың белді мүшесінің өліміне қатысты ақпарат айтыла бастады. Кеше қала ортасында қарша бораған оқтың астында қалған 47 жастағы азамат тілге келмей мерт болған.

 

«Мұнша жарақат алған адамның тірі қалуы мүмкін емес еді», - дейді дәрігерлер.

 

Әбден қансыраған күйі ауруханаға жеткізілген азамат ота жасау үстінде тілге келместен жүріп кеткен. Дәрігерлер оған тиген оқтың санына да жете алмапты. Өйткені бытыра оғы ішек-қарын, бауыр секілді ішкі органдарының барлығын тескен. Ажал құшқан азаматтың атышулы «Төрт ағайынды» қылмыстық тобының белді мүшесі екені айтылып жатыр.

 

Аталған топ бұған дейін талай рет мұнай ұрлау, рейдерлік әрекет, ақша бопсалау мен қару жарақ саудасында көзге түскен.

 

Марқұмға оқ атқан адам ұсталып, қамауға алыныпты.

 

Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облыстық ДСБ баспасөз хатшысы:

 

- Аталған жағдай бойынша Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясына ешкім телефон шалған жоқ. Жарақат алған кісі алғашында жеке көлікпен Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Бытыра бірнеше жерге тиіп, бауырын, біраз жетін тесіп, екі жарым литр қан жоғалтқан.

 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 16:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31