Қылмыс

Ақтауда ұлын өлтірген әйел түрмеде отырмайтын болды

  • CC0 / pixabay.com

    CC0 / pixabay.com

Ақтауда сот 9 жастағы туған ұлын тұншықтырып өлтірген әйелді мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханада емдеу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды жергілікті inaktau.kz порталы.


Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Ақтау қаласының тұрғыны қылмыс жасаған сәтте психикалық денсаулығы сыр беріп, басы қатты ауырып, жүйкесі әбден тозған.


Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен сотталушы А. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ол қылмыс жасаған сәтте өз ісіне жауап бере алмайтын халде болған.


Соттың үкімімен әйел адам республикалық психиатриялық аурухана жанындағы психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емделуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.


Айта кетсек, жантүршігерлік оқиға 2018 жылдың 14 қазанында Ақтау қаласында болған. Әйел 9 жастағы ұлының аяқ-қолын үйдегі батареяға байлап, тұншықтырып өлтірген. Анасының қолынан қаза тапқан бала қаладағы №7 мектептің үшінші сыныбында оқыған.


Sputnik


 




Көрілген: 834    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.05.2019, 17:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30