Қылмыс

Ақтөбе облысында жас жігітті самайына үшкір зат тығып өлтірген

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Ақтөбе облысы Петропавл ауылының 28 жастағы тұрғынын ұрып өлтіру ісіне қатысты екінші күдікті ұсталды.


«Жазатайым басына темір тығып алу мүмкін емес», - дейді Виктория Криворучко.


Андрей Бычков пен оған шабуыл жасағандардың арасында төбелес бесінші шілдеде болған. Тоғызыншы шілдеде ер адам ауруханада есін жимаған күйі көз жұмды.


Полиция жігіттің самайына үшкір зат тығып, аяусыз тепкілеп, соққыға жыққан екі күдіктіні тез анықтады, оның біреуі көп ұзамай ұсталды. Енді екінші күдіктінің де қолға түскені белгілі болып отыр.


Ал Андрейдің туыстары қаскөйлердің әділ жазаға тартылуын сұрайды.


«Біз әлі күнге дейін Андрейдің өліміне сенгіміз келмейді. Әсіресе, оны өсіріп-тәрбиелеген 82 жастағы әжесі қатты қиналып жүр. Андрейдің суретіне қарап, жылай береді. Әділетсіздіктен жүрегіміз ауырады. Айыптылардың әділ жазаға тартылуын қалаймыз. Бүкіл біздің отбасы олар әдейі соққыға жықты деп есептейді. Жазатайым басына темір тығып алу мүмкін емес», - дейді Виктория Криворучко.


Әйелдің айтуынша, Андрейді жай ғана тепкілеп ұрған жоқ, оның самайына үшкір зат тығып алған. Осы соққыдан 28 жастағы жігіт жан тапсыруы мүмкін.


Бұл жәйт сот-медициналық сараптама қорытындысында да өлімнің бір себебі ретінде көрсетілген.


ktk.kz


 




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.07.2019, 10:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31