Ақтөбе тұрғыны үйінде танымал арақ брендтерін қолдан жасайтын цех ашқан

07 маусым 2022, 18:36

Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімін қолдан жасап сататын астыртын цехты анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Күдікті өз үйінде әртүрлі атаудағы алкоголь өнімдерінің өндірісін ұйымдастырып, дайын өнімді жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаған. Сосын оны Ақтөбе қаласында сатып келген.

 

Тінту кезінде жалған акциздік маркалары бар «Qazaq aragy», «Синяя гора» және «Немирофф» дайын алкоголь өнімі, жасанды өнімді буып-түюге арналған құрылғылар табылып, тәркіленді.

 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.