Қылмыс

Ақтөбеде 10 жастағы қыз баланы өгей әкесі зорлап келген

  • Көрнекі фото: Ng72.ru

    Көрнекі фото: Ng72.ru

Ақтөбе облысындағы ауылдық округте 10 жастағы қызды өгей әкесі зорлап келген. Жантүршігерлік жағдай ауылдағы шаруа қожалығында болған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Жасөспірімге жасалған қорлық туралы жақында ғана анықталды.


Баланың іші ауырып медпункке қаралады. Ол тексеріс кезінде өгей әкесінің қорлығын жылап отырып дәрігерге айтып берген.


"Қазір 10 жастағы оқушының жағдайына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті деп танылған өгей әкесі сотқа дейінгі тергеу шараларына байланысты қамауда отыр. Бұл жағдай 14 наурыз күні бала ауылдық медпункқа келген кезде белгілі болған", - дейді ауылдық округ әкімі Ұлан Жаналин.


Облыстық полиция департаментің мәліметінше, аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.


"Бұл жағдайға қатысты 120 баптың төртінші тармағымен іс қозғалды", - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.


Ауыл әкімінің айтуынша, қыз бала қазір интернатта жатып, сабағына барып жүр. 




Көрілген: 1269    Пікірлер: 0

жұма, 19.04.2019, 17:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30