Қылмыс

Ақтөбеде 7 жасар балаға зорлық жасау дерегі бойынша тергеу басталды

  • https://www.dw.com/

    https://www.dw.com/

Ақтөбе полициясы мектеп оқушысына нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану дерегіне қатысты тергеуді бастап, бірнеше сараптама тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, №3 қалалық полиция басқармасы 2014 жылы туған балаға нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану дерегіне қатысты істі тергеп жатыр.

 

Қылмыстық кодекстің «Жас балаға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» бабы бойынша бірнеше сараптама тағайындалған. Тергеу бөлімшесі барлық қажетті сараптаманы жүргізеді. Қорытындысы әлі дайын емес.

 

«Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр, сонымен бірге бұл іс облыстық ПД бастығының қатаң бақылауында. Тергеу аяқталған соң шешім қабылданады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

 

 




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.07.2021, 17:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30