Қылмыс

Ақтөбеде 7 сынып оқушысы 10 жастағы оқушыны өлтірді деп күдіктелуде

  • Көрнекі фото: knews.kg

    Көрнекі фото: knews.kg

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жастағы жеткіншектің өлімі үшін күдіктелуде хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Оқиға Ақтөбе қаласында ойнап жүрген екі мектеп оқушыларының арасында болған.


Төртінші сынып оқушысының денесі 21 сәуір күні жер қойнына тапсырылды. 10 жастағы бала ұзақ уақыт ауруханада комада жатқан.


"Бұл оқиға мектепте болған жоқ. Өткен жексенбі күні жерлеу рәсімі өтті. Бала демалыста үйінің қасында достарымен ойнаған. Кейін баланың жағдайы нашарлап ауруханаға апарады. 9 сәуірде және 16 сәуірде екі рет ота жасалған. Бала комада болғаннан есін жинай алмаған", - дейді мектеп директорының орынбасары.

10 жастағы баланың өліміне басқа мектептің жетінші сынып оқушысы күдікті деп танылған. Қазіргі уақытта ол сабаққа барып жүр.


"Мектепте ата-аналармен кездесулер өтті. Қазір ол бала сабаққа келіп жүр. Сабақ үлгерімі жағынан екпінділер қатарында. Тәртібі жақсы. Бұрын оқушылар арасында ондай жағдай болып көрген жоқ", - дейді мектеп директоры.

Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық істің қозғалғанын растады.


"Бұл жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 106 бабымен іс қозғалды. Сараптама жүргізіліп, тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі. 




Көрілген: 926    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.05.2019, 10:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31