Қылмыс

Ақтөбеде апалы-сіңлілі алаяқттар ұсталды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Ақтөбеде инвестициялық салым, биржаларда ақшаның пайызын арттыру сылтауымен адамдардан ақша алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе облыстық полиция департаменті адамдарды алдап, ақша алған күдіктілерді қолға түсірді.

 

«Полицияға Ақтөбе қаласының 47 жастағы тұрғыны арыз жазып, өзінің алданып қалғанын айтты. Зардап шегушінің айтуынша, танысының үйінде отырған кезде инвестициялық салым туралы естіп, білген. Апалы-сіңлілілер «Finiko» компаниясына инвестиция салу, биржаларда ақшаны айналдыру сылтауымен жәбірленушіден қомақты ақша алып кеткен. Алайда, ақша да, уәде еткен екі еселенген қаржы да болмаған. Жедел іздестіру шарасы барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар апалы- сіңлілер болып шықты. Келтірілген залалдың сомасы 10 млн теңгені құрайды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 




Көрілген: 272    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 15:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31