Қылмыс

Ақтөбеде аула сыпырушылардың төбелесі өліммен аяқталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбе қаласында аула сыпырушының денесі жұмыс орнынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оқиға 28 тамыз күні сағат 14:58-де тіркелген. 102 нөміріне автотұрақ маңында пышақ жарақатын алып, көз жұмған тазалықшының денесі табылғаны хабарланды.


«Оқиға орнына полиция қызметі барып, мән-жайды анықтады. Жұмыс кезінде екі аула сыпырушы сөзге келіп, төбелесіп, бірі екіншісінің кеуде тұсына екі рет пышақ сұғып алған. Жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған адам оқиға орнында көз жұмды. Әріптесін өлтірген күдікті кінәсін сол жерде мойындады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Айта кетейік, осы дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Сот алды тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.


 




Көрілген: 799    Пікірлер: 0

жұма, 06.09.2019, 09:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30