Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтөбеде дінді жамылған қылмыскерлер ұсталды

25 шілде 2022, 10:43

Полицейлер мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ақтөбедегі кәсіпкерлерден ақша талап еткен күдіктілерді ұстады. Бұл туралы sputnik.kz тілшісі ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

"Деструктивті ағым белгісі бар алты адамнан тұратын топ дінді жамылып, ойдан шығарылған себептер бойынша Ақтөбе тұрғындарынан бірнеше рет ақша талап етті", - делінген хабарламада.

 

Күдіктілердің жеке басы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі ("қорқытып алушылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүргізіліп, ұсталғандардың ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

 

Осы баптың санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.