Қылмыс

Ақтөбеде есірткі пайдаланып, көлік айдаған жүргізуші ұсталды

  • Ақтөбеде есірткі пайдаланып, көлік айдаған жүргізуші ұсталды

    Ақтөбеде есірткі пайдаланып, көлік айдаған жүргізуші ұсталды

Ақтөбелік полицейлер есірткі тұтынып, автокөлік басқару құқығынсыз машина айдаған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкерлері 4 қазан күні қызмет атқару кезінде Қонаев пен Смағұлов көшелерінің қиылысында «Опель-Астра» автокөлігін тоқтатқан, көлік рөліндегі 21 жастағы жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты .

Бұдан басқа оның есірткі пайдалану нәтижесінде масаң күйде болғаны анықталды.

Сыртқы тексеру кезінде жүргізушінің шалбарының қалтасынан марихуанаға ұқсас ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған қағаз пакет тәркіленді.

«Бұл фактілер бойынша көлік құралын басқару құқығын беретін құжатсыз, есірткілік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)  және ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау,  тасымалдау) бойынша тергеу басталды», - делінген хабарламада.  
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30