Қылмыс

Ақтөбеде жалған 5 мың теңгелікпен дүкендерді тақырға отырғызғандар жазаланды

  • Ақтөбеде жалған 5 мың теңгелікпен дүкендерді тақырға отырғызғандар жазаланды

    Ақтөбеде жалған 5 мың теңгелікпен дүкендерді тақырға отырғызғандар жазаланды

Ақтөбеде 5 мың теңгенің жалған көшірмесін жасатып, ауылдастарын алдап келген қылмыстық топ мүшелері бүгінде көше сыпырып жүр. Жалған ақшамен пайда тапқан 20-21 және 16 жас аралығындағы төрт адам қылмыстары үшін екі жыл абақтыда отырып шыққан. Қалған жазасын қоғамдық жұмыс арқылы өтеу міндеттелген топ мүшелері үш жыл бойына ауылда көше сыпырып, қоқыс жинайды.

Ақтөбе облысы қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, қылмыстық топ 400 мың теңге көлемінде жалған ақша дайындаған. Жеңіл ақшаға дәніккендер жалған ақшаны түрлі-түсті көшірме аппараты арқылы үй жағдайында шығарып отырған. Тергеу кезінде анықталғандай, ауылдастарынан айласын асырмақ болғандар тек 5 мың теңгелік купюрлар жасаған. Олар қолдан жасаған жалған ақшаларымен ауылдағы базар мен дүкендерде сауда жасап, қайтарымға берген ақшаларды да пайдаланған.

Осылайша жеңіл жолмен, алаяқтықпен ақша табуға әбден көндігіп алған төртеу жалған ақшаны кейін таксимен жүруге де пайдалана бастайды. Олар Орал қаласында такси жүргізушісіне екі бірдей 5 мыңдық купюрмен төлем жасау кезінде қолға түскен. Такси жүргізушісі жалған ақшаны бірден танып, дереу полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Тергеу кезінде қылмыстық топтың басқа мүшелері де анықталды.

aikyn.kz




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.11.2020, 20:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31