Ақтөбеде жас жігіт ұйықтап жатқан әйелді пышақтап өлтірді

16 наурыз 2021, 09:20

Ақтөбеде 25 жастағы ер адам жеке үйлердің біріне түнде кіріп, ұйықтап жатқан әйелді пышақтап тастаған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады «Диапазон». 
Жас жігіт 40 жастағы ер адам ұйықтап жатқанда әйелге шабуыл жасап, пышақтап тастаған.

Зардап шеккен әйел ауруханаға бара жатқан кезде қайтыс болды.
Сотта жас жігіттің созылмалы психикалық ауытқушылығы бар екені анықталған. Қылмыс жасалған түні ер адамда дыбыс елестері болыпты. Сол себепті ол кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сот оны психиатриялық ауруханада мұқият қадағалап, мәжбүрлеп емдеу туралы шешім шығарды.

aikyn.kz