Қылмыс

Ақтөбеде жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері 60 млн теңге пара алған

  • https://kapital.kz/

    https://kapital.kz/

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сыбайлас жемқорлықпен күресіп жүрген қызметкерге үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» және «Пара алу» баптарымен іс қаралды.

 

Іс материалына сүйенсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің аға офицері 2019 жылы серіктестік иесін пара беруге көндіріп, оның 60 миллион теңгесін иемденді. Ол бұл ақшаны алып, салық мен оның өсімпұлын төмендетуге келіскен.

 

Сотталушы М-ның кінәсі жәбірленуші, куәгер және тергеу хаттамасы, сот сараптамасы мен жедел-тергеу жұмысы кезінде дәлелденді.

 

Сот М-ны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейді. Өмір бойы мемлекеттік органда жұмыс істей алмайды. Қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді», - деп хабарлады облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынының баспасөз қызметі.

 

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

 

 




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 18:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30