Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтөбеде қалта ұрлығымен айналысқан 2 әйел қамауға алынды (видео)

23 желтоқсан 2021, 19:08

Ақтөбеде қалта ұрлығымен айналысқан екі әйел қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 13-і Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтөбе облысының Полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлерімен бірлесіп, қалта ұрлығы деректері бойынша күдіктілерге тиесілі Ақтөбе қаласыңдағы жеке үйлердің бірінде санкцияланған тінту жұмыстарын жүргізу барысында заңсыз айналымда жүрген 21 ұялы телефон, 92 смартфоннан флэшкарта, екі адаптер, 41 алтын, 13 USB флэшкарта, сегіз әмиян, 28 ұялы телефонға арналған қораптар, 990 мың теңге ақша және есірткі заттары тәркіленді.

 

 

Қазіргі уақытта тәркіленген заттар мен заттардың бір бөлігі ашылмаған қылмыстық істер бойынша ұрланған мүлік ретінде өткені анықталды. Екі күдікті әйел қамауға алынды.

 

Осыған орай егер тәркіленген заттардың арасынан өз заттарын анықтап жатса, 11 мөлтек ауданындағы үйі Ақтөбе қаласы  Полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.