Қылмыс

Ақтөбеде мектеп оқушысы туған ағасынан жүкті болып қалған

  • Көрнекі фото: ptzgovorit.ru

    Көрнекі фото: ptzgovorit.ru

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы бүлдіршіндерге қатысты зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткеніне алаңдап отыр. Тоқсандық жұмысқа қорытынды жасаған төраға сотта қаралған жантүршігерлік жағдайлар туралы баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Сот төрағасы өңірде қозғалған екі іске баса назар аударды.


"Мен мына жағдайларға алаңдадым. Ақтөбе облысында екі іс қаралды. Оның бірінде туған әкесі 2-3 жыл бойы 11-12 жастағы туған туған қызына жыныстық зорлық көрсеткен. Өгей емес, туған әкесі. Осындай жантүршігерлік тағы бір жағдайда ер адам туған қарындасын екі жылдан аса уақыт жыныстық қатынасқа тартқан. Зорлық көрген екі бала да кәмелеттік жасқа толмаған бүлдіршіндер.

Қыз баланың ағасынан аяғы ауыр болып қалған кезде ғана мектеп мұғалімі байқаған. Бұл оқиға сол кезде ғана тіркелген. Бұл жақсы жағдай емес. Қоғам болып күресуді талап ететін жағдай", - дейді Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Абдолла Сәкен.


Сонымен қатар, ол кез келген мәселеде баламен ашық сөйлесіп, дос болу керектігін айтты. Оған қоса, қандай туыс болса да ер жігіт пен қыз баланы бір бөлмеде жатқызбауға кеңес берді. 




Көрілген: 6136    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 16:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31