Қылмыс

Ақтөбеде мұғалімдерден ақша жинаған мектеп директоры жазаланды

  • Ақтөбеде мұғалімдерден ақша жинаған мектеп директоры жазаланды

    Ақтөбеде мұғалімдерден ақша жинаған мектеп директоры жазаланды

Ақтөбеде мектеп директорының ақша жинағанын, қаржыны шыбын-шіркейден қорғайтын тор сатып алуға сұралғанын айтып, арыз түсіргендердің ісі қаралды. Директордың міндетін атқарушы жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жаңа оқу жылы басталғалы алдын-алу жұмысын күшейтті. Қазіргі кезде облыстағы білім беру мекемелерінде түрлі кездесу өтіп жатыр. Басқосу аудандық білім бөлімдерінде де өтті. Оған мектеп директорлары да қатысты. Сонымен бірге Ақтөбе қаласында да кездесу ұйымдастырылды. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері заңнамаларды түсіндіріп, жемқорлықтың алдын-алуға бақытталған жұмыс жайын баяндады.

«Биыл білім беру саласына қатысты 75 қылмыстық іс тіркелді. Көбі парақорлық пен мемлекет мүлкін талан-таражға салуға қатысты болды. 1424 Call орталығына мұғалімдерден және ана-анадан заңсыз ақша жинауға қатысты хабарламалар да түсіп жатыр. Көбі мектеп қажеттілігі үшін ақша жинайтынын айтады. Таяуда бір аудандағы мектеп директорының міндетін атқарушы мұғалімдерден 600 мың теңге ақша жинап алғаны туралы хабарлама түсті. Тексеруден соң ақшаның білім беру ұйымына, нақтыласақ, шыбын-шіркейден қорғайтын торға бағытталғаны анықталды. Директордың міндетін атқарушы тәртіптік жазаға тартылды», - деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 00:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31