Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтөбеде полицейлер тауып алған 5 млн теңгені өздері иемденіп алған

04 тамыз 2022, 17:16

Ақтөбеде тұрғын тауып алып келген сөмкедегі қаржыны полицейлер иемденіп алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материалына сәйкес, К. және А. есімді полицейлер стационарлық постта қызметте болған кезде К. есімді азаматтан тауып алынған сөмкені қабылдаған. Кейін құқық қорғаушылар сөмкедегі 5 330 000 теңгені өздеріне қалдырған.

 

"Айыпталушылардың кінәсі дәлелдер, зардап шеккендер, куәгерлердің жауабы мен бейнежазбалар арқылы дәлелденді. Сот жазаны айыпталушылардың қылмыс жасағанына өкінетінін, кішкентай балаларының бар екенін және қаржыны толық өтегенін жеңілдететін дерек ретінде қарастырды", – делінген Ақтөбе сотының хабарламасында.

 

Ал қылмысты топ болып жасау және анттарын бұзуы жазаны ауырлататын дерек ретінде қарастырылған.

 

Нәтижесінде сот үкімімен полицейлер 2 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сонымен қатар өмір бойына белгілі қызметтерді атқара алмайды.