Қылмыс

Ақтөбеде сапасыз үй салған құрылыс компаниясының басшысы сотталды

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Ақтөбеде құрылыс компаниясының басшысына 339 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылып, сотталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе қаласының №2 сотында құрылыс компаниясының басшысына қатысты Қылмыстық кодекстің «Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету» бабы бойынша іс қаралды.

 

Іс материалына сүйенсек, «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооператиыінің төрағасы «К» көппәтерлі екі тұрғын үй құрылысы кезінде 339 271 871 теңге жымқырды деп айыпталған.

 

Құрылыс жұмысы сапасыз, шарт талаптары мен бекітілген жоба бұзылған. Сонымен бірге сотталушы «К» бұл туралы білесе де бір мезгілде «Жилище» ТҚК төрағасы (тапсырыс беруші) және «CB PROJECT» ЖШС-нің директоры (мердігер) қызметін атқарған.

 

Салдарынан жәбірленушілерге 176 347 631 теңге материалдық залал келді.

 

Сот сотталушыны сапасыз жүргізілген құрылыс үшін кінәлі деп тапты.

 

«Жәбірленушілерге келген зиянның өтелмегенін ескере отырып, сот К.-ге 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.

Заң бойынша абайсызда қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтейді.

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Ақтөбе қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі.

 




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 22:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31