Қылмыс

Ақтөбеде шошқа шаруашылығының қожайыны Тертерян үй қамаққа алынды

  • Ақтөбеде шошқа шаруашылығының қожайыны Тертерян үй қамаққа алынды

    Ақтөбеде шошқа шаруашылығының қожайыны Тертерян үй қамаққа алынды

Ақтөбедегі атышулы шошқа шаруашылығының қожайыны үй қамаққа алынып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Миллионер Гайк Тертерянға сотқа дейін үйінен аттап басуға тыйым салынды. Оның үстінен жерді бүлдіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды. 

Экологтар тек Бестамақ ауылы тұрғындары жаппай наразылыққа шыққан соң ғана шошқа фермасын тексеруге кіріскен еді. Оған дейін талпақ танау өсіретін кешендегілер білгенін істеген.

 
Ауыл іргесіне шошқа қалдықтарын төгіп, одан қалды ішек-қарны мен сүйек-саяғына дейін өзенге ағызған. Осы ісі үшін кәсіпкерге 7 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды. 

Бірақ Гайк Тертерян онымен келіспей отыр. Енді әкімшілік істен бөлек, қылмыстық жауапқа тартылады. Миллионердің кінәсі  дәлелденсе, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

"Парижская комуна" серіктестігіне қатысты ҚК-тің 332-бабы, 1-бөлімімен іс қозғалды. Бүлінген жер аумағын анықтауға комиссиялық сараптама тағайындалды. «Парижская комуна» компаниясының жалғыз құрылтайшысы әрі директоры – Тертерян Гайк Вардгесович, 1950 жылы туған. Қазір басты күдікті ретінде үй қамақта отыр", - деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің аға тергеушісі Айгүл Иманғазина. 




Көрілген: 448    Пікірлер: 0

сенбі, 03.04.2021, 02:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31