Қылмыс

Ақтөбеде тек «iPhone» телефонын алып қашып жүрген күдікті ұсталды

  • Ақтөбеде тек «iPhone» телефонын алып қашып жүрген күдікті ұсталды

    Ақтөбеде тек «iPhone» телефонын алып қашып жүрген күдікті ұсталды

Ақтөбе қаласының тұрғыны адамдарды «iPhone» маркалы ұялы телефонын сатып аламын деп жалдамалы пәтерге шақырып, қолына телефон түскеннен кейін қашып кетіп отырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол медициналық маска киіп, бет-әлпетін жасырған. Полиция іздеу шарасы кезінде 34 жастағы қала тұрғынын ұстады.

«Ол төтенше жағдай режимін пайдаланып, Әлия Молдағұлова даңғылындағы пәтерді бір тәулікке жалға алған. Содан кейін «іPhone» маркалы ұялы телефонын сатуға шығарған адаммен байланысып, пәтерге шақырды. Оны ас үйге кіргізіп, телефонды әйеліне көрсетемін деген сылтаумен пәтерден шығып, қашып кеткен. Шығын 705 мың теңгені құрады.

Тағы бірде 21 жастағы ақтөбелікті алдады. Алаяқ медициналық маскамен жасырынып, «Батыс-2» шағын ауданында пәтер жалдаған. Дәл осы жолмен телефонды алып қашты. Шығын – 365 мың теңге...

Қазір күдіктіге қатысты 6 арыз келіп түсті. Ол бұрын бірнеше рет сотталған. Тергеу изоляторына қамалды.

Аталған фактілер бойынша ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық Полиция департаменті осы алаяқтың қолынан зардап шеккен ақтөбеліктердің 87053807750, 102 телефондарына хабарласуын немесе №1 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне өтініш білдіруді сұрайды», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

 




Көрілген: 279    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 23:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31