Қылмыс

Ақтөбеде үш баланы тәрбиелеп отырған полиция қызметкері абақтыға қамалды

  • https://old.aqmeshit-zhastary.kz/

    https://old.aqmeshit-zhastary.kz/

Ақтөбеде жергілікті полиция қызметінің аға инспекторына сот үкімі шықты. Үш баланың анасы алаяқтық және пара беруге шақырғаны үшін колонияға жіберілді деп хабарлайды "Диапазон".

 

40 жастағы полиция қызметкері Ақтөбедегі аудандардың бірінде аудандық полиция бөлімінің жұмысын ұйымдастырған.

 

Ол бір қылмыстық істің мән-жайынан хабардар болып, ондағы сотталушы жас жігіт екенін біледі. Полиция қызметкері күдіктінің анасына хабарласып, тергеуші ұлының мәртебесін өзгертіп, оны істе "куәгер" ете алатынын айтқан. Бірақ ол үшін 100 мың теңге төлеу керек екенін жеткізген. Бұл ақшаны тергеушіге беруді инспектор өз мойнына алыпты.

 

Күдіктінің анасы келісіп, полиция қызметкеріне 20 мың қолма-қол беріп, қалған 80 мың теңгені банктегі есепшотқа аударған.

 

Кейінірек аға инспектор мәртебені өзгерту мүмкін емес екенін айтып, жағдайдан шығудың басқа жолын ұсынады. Ол жәбірленушімен татуластыру мүмкіндігін, бірақ ол үшін 300 мың теңге төлеу керек екенін хабарлайды.

 

Ал Ақтөбе тұрғыны инспекторға тағы 180 мың берген соң алданып жатқанын түсінеді. Содан күідктінің анасы жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінеді. Нәтижесінде инспекторға қатысты "Алаяқтық" және "Пара беруге шақыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Сот үш баланың анасын 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, сонымен қатар оған бұдан былай мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 3126    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 19:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30