Қылмыс

Ақтөбеде ұялы телефон салонына қарақшылық шабуыл жасалды (фото)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбеде екі адам ұялы телефон салонына қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгін сағат 09:20-да Ақтөбе қаласының Шернияз және Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан ұялы телефон дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды. Белгісіз екі адамның бірі медициналық бетперде киіп, екіншісі бас киіммен жүрген. Біреуі пышақпен, екіншісі тапаншаға ұқсас қарумен келіп, дүкен қызметкерлерін қорқытып, ұялы телефондарды алып кеткен.



«Тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жұмылдырылды. Алынған бағыттамаға сай жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жүрген жері анықталды. Екі сағат ішінде «Мәдение» сауда үйі маңындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан «Датсун» маркалы авткөлігі тоқтатылды. Көлікте 20 және 22 жас шамасындағы екі жігіт болды. Көліктің жүк салғышынан 43 дана IРhone маркалы ұялы телефон тәркіленді. Сонымен қатар, газ тапаншасы мен пышақ табылды. Күдіктілер қамауға алынды», - деді облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.



Айта кетейік қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-ші, яғни «Тонау» бабымен сот алды тергеу амалдары басталды.




 




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 18:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31