Қылмыс

Ақтөбеде үйірімен мал ұрлайтын қылмыстық топта әйел адам да болған

  • Фото: pvl.sud.kz

    Фото: pvl.sud.kz

Ақтөбелік полицейлер мал ұрлығымен айналысып жүрген тоғыз адамды ұстады. Қылмыстық топ облыстың бірнеше ауданынан үйірімен мал ұрлаған. Олар жайылымда жүрген малды айдап алып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Мал ұрлауды кәсіп еткен қылмыстық топ құрамында әйел адам бар болып шыққан.


"Қылмыскерлер малды бос қалған қораларға кіргізіп, сол жерде ірілерін таңдап алған. Қорада бөлшектеп, алдын ала дайындалған көлік құралымен тасиды. Ұрланған малдың етін Ақтөбе қаласының жеке сатып алушыларына бөлшектеп сатқан. Көліктердің бірінің жүргізушісі - әйел адам. Қазіргі кезде бес мал ұрлау дерегі бойынша 9 адам ұсталып, олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде",-дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Күдіктілердің Қобда және Алға аудандарындағы мал ұрлау деректеріне қатысы бар екені анықталды. 




Көрілген: 920    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.04.2019, 19:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31