Қылмыс

Ақтөбедегі VIP-массаж салонда интим қызмет көрсетілген

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Облыстық криминалдық полиция қызметкерлері «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасы аясында интим қызмет көрсеткен топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде орналасқан VIP-массаж салонында жыныстық қызмет көрсеткен притон анықталды. Жедел іздестіру шарасы кезінде мекеме әкімшісі қызметін атқарған Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Тексеру кезінде интимдік қызмет көрсеткен Атырау облысының үш әйелі қолға түсті. «Полиция департаменті осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау« бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, шектеу ережесін бұзғаны үшін материалдар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабы, яғни, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша кінәлі адамдарды әкімшілік жауапқа тарту үшін Ақтөбе қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

 




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 14:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31